«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» дәрісі өткізілді

   2015 жылдың 14 қазанында № 5 мектеп-гимназияның оқушыларына «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» дәрісі өткізілді.

    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Ж.Н. Молдабекова оқушыларды Музейдің бірегей коллекциялары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградаларымен таныстырды. Дәріс барысында оқушылар наградалардың пайда болу тарихымен танысып, әр елдің жоғары наградаларының ерекшеліктерін меңгерді.
Сабақта музейлік жәдігерлер, фото- және киноқұжаттар көрсетілді.