«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі», «ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің жинағындағы қару-жарақтар коллекциясы» атты көшпелі экскурсиялары – признательность народу», «Коллекция оружия в собрании Музея Первого Президента РК»

2016 жылдың 29 наурызы Әскери полиция мамандарын даярлау орталығында жәдігерлерді көрсете отырып, кейбір бірегей коллекциялар жайлы баяндаған, оларды қолмен ұстауға және жақыннан көруге мүмкіндік берген «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі», «ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің жинағындағы қару-жарақтар коллекциясы» атты көшпелі экскурсиялары өткізілді.

«ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің жинағындағы қару-жарақтар коллекциясы» атты көшпелі экскурсия адамзаттың әлеуметтік тарихындағы ежелгі дәстүр - қару сыйлау дәстүрімен, әлемге әйгілі Құбашы және Златоусттық қару-жарақ шеберлерінің туындыларымен, ал «Елбасы мәртебесі - ел мәртебесі» атты көшпелі экскурсия әлемнің көптеген елдерінің марапаттау жүйесімен және Қазақстанның мемлекеттік наградаларының үлгілерімен таныстырды.

Экскурсия барысында тыңдаушылар бірегей материалдар кешенімен, атап айтар болсақ, фотосуреттер, бейнематериалдар және ең бастысы – ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің қор жинақтарындағы жәдігерлермен танысу мүмкіндігіне ие болды.