«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» Музей қорының көрмесі (14 марта – 14 апреля 2008 г.)

   2008 жылдың 14 наурызында Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты көрме ашылды.
    Көрменің ашылу салтанатына жиналғандарға арнап облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Б. Кәкенов, Ш. Уәлиханов атындағы КГУ тарих кафедрасының профессоры К. Әбуов, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары В. Соломин құттықтау сөз сөйледі.
Көрмеге қойылған 108 экспонат әлемнің 25 елінің мәдениетінің жарқын үлгілерін таныстырды. Қор коллекциясының негізгі бөлігін іскери кездесулер мен келіссөздер, ресми сапарлар кезінде еліміз бен оның Лидерінің халықаралық беделін мойындау белгісі ретінде Мемлекет басшысына тарту етілген сыйлықтар құрады.
    Күмістен жасалған бұйымдар: Түрік Республикасының Президенті С.Демирел сыйлаған ыдыстар жиынтығы, Түрік Республикасының Премьер-Министрі Р.Т. Эрдоган тарту еткен «Дивит» саяхатшының жазу үстелі көрменің ажарына айналды. Сонымен бірге қару-жарақ шеберлерінің бұйымдары - Қазақстан тұрғындары сыйлаған ХІХ ғасырдың басындағы дуэльге арналған жиынтық, Катар мемлекетінің Тәрбие, ағарту және жоғары білім министрі Мухаммед Абдул Рахим Кафуд сыйға тартқан «Қындағы қанжар» панносы ұсынылды.
    Мұрағат құжаттары, Мемлекет басшысының Жеке мұрағат қорынан алынған фотосуреттер көбінесе
Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық өмірдегі, мемлекеттік қызметтегі және еңбек жолындағы кезеңдерді сан алуан қырынан аша түседі.