«ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР. 1940–1960 ЖЖ.» КАТАЛОГІ

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшылық феномені» ғылыми бағдарламасы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: тұлға және тарих» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.

Бұл құралда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолына қатысты мәліметтер мен деректер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Жеке архиві қорының фотосуреттері мен құжаттары ұсынылған.

«Елбасы туралы деректер. 1940–1960 жж.» каталогі зерттеушілерге, ұстаздарға, мәдениет, кітапхана және музей қызметкерлеріне, жалпы көпшілік оқырман қауымға арналған.