Елбасы және мәдениет: материалдар мен құжаттар жинағы

Елбасы және мәдениет: материалдар мен құжаттар жинағы / жалпы ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова. – Астана, 2011.
«Елбасы және мәдениет» ғылыми мақалалар мен құжаттар жинағы ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті және тәуелсіз мемлекеттіліктің жаңғыруы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Жинақта Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасындағы мәдениет және мәдениет саясаты саласындағы сөйлеген сөздері, заңнамалық базасы және мақалалары жинақталған, сонымен қатар Тұңғыш Президенттің мәдениет саласындағы қызметіне БАҚ-тарда берілген зерттеу бағалары берілген.
Осы жұмыста Елбасының Жеке мұрағатынан алынған өз қолымен белгілер соғып, қолтаңбасын қалдырған және Тұңғыш Президент Музейі қорынан алынған материалдар тұңғыш рет айналымға енгізілді.
Жинақ қалың бұқараға арналған және анықтама, оқу құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.