Елбасы және тәуелсіздік. Ғылыми мақалалар мен құжаттар жинағы

Елбасы және тәуелсіздік. Ғылыми мақалалар мен құжаттар жинағы / жалпы ред. басқарған А. Сағынғали, Б.М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2011.
«Елбасы және тәуелсіздік» ғылыми мақалалар мен құжаттар жинағы ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті және тәуелсіз мемлекеттіліктің жаңғыруы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Жинаққа Музей қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу, қор, ағартушылық қызметінің негізгі бағыттарына арналған мақалалары енді. Жұмыста Елбасының Жеке мұрағатынан, Жеке кітапханасынан, сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президентінің Музей қорынан алынған материалдар пайдаланылды.
Жинақ қалың бұқараға арналған және анықтама, оқу құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.