Елбасының замандасы Сәдуақас Есімбаймен Ақмола облысы Аршалы ауданының ұстаздары мен үздік оқушыларының кездесуі ұйымдастырылды

2015 жылы 24 сәуірде «Елбасытану» курсының аясында Елбасының замандасы Сәдуақас Есімбаймен Ақмола облысы Аршалы ауданының ұстаздары мен үздік оқушыларының кездесуі ұйымдастырылды.

      Оқушылар С. Есімбайға Тұңғыш Президенттің балалық шағы, оқушылық кезеңі, өмірбаяны туралы өздерін қызықтырған сауалдар қойып, мазмұнды жауаптар алды. Әсерлі өткен кездесу соңында ұстаздар мен оқушылар С. Есімбаймен бірге естелікке суретке түсті.