«Елбасытану» элективті курсы өткізілді

2015 жылдың 8 29 қазаны аралығында № 38 мектеп-лицейдің оқушыларына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері Омарова Л.Ә. әзірлеген «Елбасытану» элективті курсы өткізілді.

    Музей қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметін үлгі ете отырып, өскелең ұрпақты лидерлік қасиетке тәрбиелеу бойынша жұмыстарды едәуір жинақтаған. «Елбасытану» курсы алғаш рет Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясында апробациядан сәтті өткен болатын.

   Курс барысында оқушылар Тұңғыш Президенттің өмірбаяны және саяси бастамалары туралы дәрістер мен практикалық сабақтарға қатысып қана қоймай, Мемлекет басшысының сыныптастарымен, өз салаларында жетістіктерге жеткен белгілі саясаткерлер, мәдениет және спорт өкілдерімен кездесуге мүмкіндік алады. Мұндай сабақтар Президенттің бейнесін тек саясаткер ғана емес, тұлға, адам ретінде ашып көрсететіндіктен, жастар тарапынан үлкен қызығушылық туғызуда. Себебі, Қазақстан Президентінің тұлғасы – үлгі тұтар бейне.
     Сабақтарда балаларға Елбасы тұлғасының сан қырлылығын ашып көрсететін музейлік фото- және бейнеқұжаттар көрсетілді.