«Елбасытану» элективті курсы өткізілді

  2014 жылдың 27 наурызында Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Қоғам орта мектебі педагогикалық ұжымының сұранысы бойынша «Елбасытану» элективті курсы өткізілді.

 
       Музейдің бас ғылыми қызметкері, Л.Ә. Омарованың «Елбасытану» элективті курсының негізгі мақсаты оқушыларды өзіндік тарихи ойлауға тәрбиелеуге, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тұлғалық және саяси ұстанымын насихаттауға бағытталған. Дәріскер Музей қызметкерлерінің зерттеулері барысында жинақталған болашақ Президенттің балалық шағы мен мектеп кезеңі туралы бірегей материал қорын тыңдаушылар назарына ұсынды. Дәріскер Н. Ә. Назарбаевтың тұлғалық қырын жан-жақты аша отырып, оқушыларды Президенттің өмірбаянымен таныстырды. Сабақ барысында Елбасы Жеке мұрағаты қорынан алынған құжаттармен қатар, Музей қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кіші Отанында жүргізген ғылыми-іздестіру материалдары да көрсетілді.
      Курс аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар, естелік сыйлықтар, кітаптар табыс етілді.
 

       Қатысушылар Президент тұлғасының қалыптасу тарихымен танысуға мүмкіндік алғандары үшін алғыстарын білдірді.