«Елбасытану» элективті курсы өткізілді

2013 жылдың қазан-қарашасында «Елбасытану» элективті курсы өткізілді. Курс тыңдаушылары ретінде Ж. Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушылары қатысты.

      Музей өз қызметінде Елбасының феноменін зерттеу аясында музей педагогикасының бағыттарын кеңейтуге басты назар аударады. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен тарихи рөлін зерттеу бойынша ғылыми бағдарлама қалыптастырылды. Зерттеу барысында Музей қызметкерлері Президенттің балалық шағы мен оқушылық кезеңі туралы бірегейлі материал қорын жинақтады. Музейдің бас ғылыми қызметкері Л.Ә. Омарованың «Елбасытану» курсы оқушыларды өзіндік тарихи ойлау қабілетін тәрбиелеуге, өскелең ұрпақ арасында Тұңғыш Президенттің тұлғалық және саяси ұстанымын насихаттауға бағытталған.
      Курс барысында оқушылар Президенттің балалық шағымен танысты. Дәріскер Н.Ә. Назарбаевтың тұлғалық қырын жан-жақты аша отырып, Елбасы мектеп кезінде құрдастарын өзімен бірге алып жүру қабілетімен ерекшеленгені туралы айтып берді.

      Курс барысында Президенттің сыныптасы әрі досы Сәдуақас Есімбаймен кездесу өткізілді. Оқушылар Мемлекет басшысының оқушылық кезеңі туралы сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
      Президенттің жан-жақтылығы мен бірегейлігін айта келе, сыныптасы оның тегіне, ата-анасына және туған жеріне деген зор құрметін атап өтті.
      Тыңдаушылар қорытынды сабақта тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Президенттің рөлі туралы баяндама жасады. Оқушылар Елбасының өмірбаянындағы қызықты фактілер туралы білуге мүмкіндік алғандықтары үшін алғыс білдірді.
      Курсты жүзеге асыру барысында Елбасының Жеке мұрағатынан алынған құжаттар, сонымен қатар Музей қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кіші отанында жүргізген ғылыми-іздестіру экспедициясының материалдары қолданылды. Курс соңында оқушыларға сертификаттар табыс етілді.