«Елбасытану» элективтік курсы өткізілді

  2014 жылдың қыркүйек, қазан айларында «Елбасытану» элективтік курсы өткізілді. Курсқа № 50 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары қатысты. 

     Елбасының феноменін зерттеу аясында музей педагогикасының бағыттарын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен тарихи рөлін зерттеу бойынша ғылыми бағдарлама қалыптастырылды. Музей қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кіші Отанында жүргізген ғылыми-іздестіру экспедициясы барысында болашақ Президенттің балалық шағы және мектеп кезеңі туралы бірегей материал жинақталды.

    Оқушылардың бойында өзіндік тарихи ойлау қабілетін тәрбиелеуге, өскелең ұрпақ арасында Тұңғыш Президенттің тұлғалық және саяси ұстанымын насихаттауға бағытталған «Елбасытану» элективтік курсын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері Л.Ә. Омарова қалыптастырды.
     Курс аясында оқушылар Президенттің балалық әрі жасөспірім кезіндегі мәліметтермен, өмірбаянындағы қызықты фактілермен танысуға мүмкіндік алды. Соңғы сабаққа оқушылар Елбасының өмірі мен қызметі туралы баяндама жасады.
      Курс аясында музейлік жәдігерлер, фото- және киноқұжаттар пайдаланылды.  Курс соңында оқушыларға сертификаттар табыс етілді.