ЕЛІМ МЕНІҢ

Елім менің / Құраст. Л. Омарова, Г. Атабаева, жалпы ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова. – Астана, 2016. – 56 б.

Брошюра «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшылық феномені» ғылыми бағдарламасы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: тұлға және тарих» ғылыми жобасын жүзеге асыру шеңберінде дайындалды.

Басылымда Н. Ә. Назарбаевтың тұлға болып қалыптасуына ықпал еткен туған жері, азамат болып кемелденуіне, қайраткер болып шыңдалуына әсер еткен өлкелер туралы деректер, сонымен қатар Елбасының еліне арнаған өлеңдері, олардың шығу тарихы туралы республикалық баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар, музейдің электронды мұрағат қорындағы фотосуреттер топтастырылып ұсынылып отыр.

Брошюра оқушылар мен студенттерге, ұстаздарға, музей қызметкерлеріне, зерттеушілерге, жалпы көпшілік оқырман қауымға арналған.