ЕЛОРДАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АСТАНА ҮЗЕҢГІЛЕСТЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ

2018 жылы 11 маусымда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Музейінде Қазақстан елордасының 20 жылдығына арналған  «Астана – болашақтың қаласы» салтанатты іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан астанасына құрмет мен мақтаныш сезімін қалыптастыру, өмірде белгілі табыстарға қол жеткізген жас астаналықтардың бейнелері арқылы белсенді өмірлік ұстаным мен көшбасшылық қасиеттерді насихаттау.

Кездесу қонақтары – Астананың құрдастары, 1998 жылы туған жастар, нағыз елордалықтар.  Олардың әрқайсысы өздерінің білім алып жатқан оқу орындары, сонымен қатар өздерінің табыстары мен жеңістері туралы баяндайды.

Астана – болашақтың қаласы, тәуелсіз Қазақстанның маңызды нышаны. Қазақстан елордасы өз маңына белсенді, ашық, шығармашыл, қайсар жандарды жинайды. Елбасының көптеген бастамалары өскелең ұрпақ үшін үлкен қолдау болып табылады. Қазақстан қоғамында жаңа бағыттары бар, табысқа жетуге деген құндылықты мақсаттары айқын, экономикалық рационалды мінез-құлыққа ие жастардың жаңа түрі қалыптасқан.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара патриоттық сипатта және елордаға деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыруға, туған жерді сүюге тәрбиелеуге, жас ұрпақты баянды болашақты құру ісіне қатыстыруға мүмкіндік береді.

Мекенжайымыз: Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11.