«ЕШКІМ ДЕ, ЕШ НӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ». ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

2018 жылдың 5 мамырында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Жеңіс күніне арналған «Ешкім де еш нәрсе де ұмытылмайды» атты іс-шара өтеді.

Іс-шараның бағдарламасында: Ұлы Отан соғысының өзекті мәселелерін зерттеуші ғалымдардың баяндамалары, Ұлы Отан соғысы туралы кинофильмдер мен қойылымдардың басты кейіпкерлерін сомдайтын актерлермен кездесу, Астана қаласы жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасы.

Іс-шараға ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының директоры
Б. Аяған, ҚР Ұлттық Музейі «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, «Ұмытылған батырлар» кітабының авторы
Б. Әбдіғали, зерттеуші ғалымдар – «Майдан жолы» қазақстандық іздеу жасағының мүшелері, «Қасым» фильмінің бас кейіпкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қ. Қыстықбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ж. Чайкина, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушылары мен студенттері, ҚР Ұлттық ұланының және ҚР Қарулы Күштері аэроұтқыр әскерлерінің № 68665 әскери бөлімінің сарбаздары, генерал С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінің ұландары, Астана қаласы мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары қатысады.

Іс-шараның мақсаты – халықтың тарихи жадын, қоғамның моральдық-адамгершілік негіздерін қалыптастыруда, қазіргі жастарға азаматтық-патриоттық тәрбие беруде 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының мәнін ашып көрсету, оқушыларды ғылыми-зерттеу және іздену жұмыстарына тарту, жастардың халықаралық гуманитарлық ынтымақтастығын белсендіру.

 

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесісі, 1.