«Еуразия рухани бірлігі: тарихы және кезеңдері» дәрісі өткізілді

2016 жылдың 1 қарашасында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студентттеріне «Еуразия рухани бірлігі: тарихы және кезеңдері» дәрісі өткізілді.

Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Х.М. Әбжанов еуразиялық интеграцияның қайнар көздері туралы айта отырып, еуразиялық біріктіру идеясының өзектілігін ашып берді.

Қазіргі заманғы еуразиялық – тек интеграциялық және экономикалық аспектілер ғана емес, сонымен қатар көптеген жалпыадамзаттық мәселелерді шешудің тиімді тәсілі. Еуразия территориясында өмір сүріп жатқан халықтардың мәдени-тарихи дәстүрлері, географиялық кеңістіктің ортақтығы ХХІ ғасырдағы қазіргі заманғы әлемде ықпал етуші жаңа геосаяси орталықтың  қалыптасуына әсер етті.

Дәріс барысында музейлік жәдігерлер, фото- және бейнеқұжаттар көрсетілді.