Көшпелі экскурсиялар

«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі», «Тарихи таңдау» көшпелі экскурсиялар

1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Қазақ КСР Президентінің лауазымын бекітті. Бұл тәуелсіздік жолындағы тағдыршешті оқиғалардың біріне айналды. Қазақстан Президенті лауазымы бекітілуінің кезекті жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі қызметкерлері осы оқиғаға арналған іс-шаралар топтамасын бастады. 2017 жылдың 17 наурызында, сағат 10.00-де Аршалы №2 орта мектебінде келесі көшпелі экскурсиялар өткізілді: