Тақырыптық экскурсиялар

Тұңғыш Президент кітапханасында № 76 мектеп-лицейінің оқушыларына «Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыс» атты квест-экскурсия өтті.

2018 жылғы 26 сәуірде Тұңғыш Президент кітапханасында № 76 мектеп-лицейінің оқушыларына «Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыс» атты квест-экскурсия өтті. Қатысушылар командаларына тақырыптық көрмедегі тапсырмаларды іздеп тауып, ондағы жұмбақтарды шешу жіне тапсырмалалрды орындау қажет болды. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар Қазақстан тарихына, Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған спортшыларымызға қатысты тың мәліметтер алды.

Тұңғыш Президент кітапханасы музейінің ғимаратында «Тәуелсіздік бастауында» тақырыптық экскурсиясы өтті.

2018 жылғы 24 сәуіріде Тұңғыш Президент кітапханасы музейінің ғимаратында «Тәуелсіздік бастауында» тақырыптық экскурсиясы өтті. Менеджмент және бизнес колледжінің студенттері Қазақстан мен оның халқы қандай жолмен өткенін, қандай қиындықтар мен қайғылы жағдайларды бастан өткергені туралы егжей-тегжейлі білді. Семей ядролық полигонының жабылуына, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына және Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған бөлімдер балаларға эмоционалдық тұрғыда ерекше әсер еткенін атап өткен жөн.

Мұратбек Жоламановтың «Рухпен сырласу» уақытша көрмесінде тақырыптық экскурсия өткізілді.

2018 жылғы 20 наурызда елордалық оқушыларға суретші Мұратбек Жоламановтың «Рухпен сырласу» уақытша көрмесінде тақырыптық экскурсия өткізілді. Суретші туындыларының негізгі тақырыбы – қазақ халқының тарихы – балаларды ерекше қызықтырды. Көрменің жұмысымен танысқан көрермендер суретшінің көп қырлы тұлғасын және оның ерекше техникасын атап өтіп, шебердің шығармаларына деген сезімдерін білдірді.

«Қазақстан Республикасы: мемлекеттік даму стратегиясы» атты тақырыптық экскурсия өткізілді.

2018 жылғы 17 қаңтарда Астана қаласындағы №22 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушылары үшін «Қазақстан Республикасы: мемлекеттік даму стратегиясы» атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Оқушылар Қазақстан Республикасы Президентінің ұлықтау рәсімінің қалай өтетінін өз көздерімен көріп, экспозицияның мұрағат материалдарымен танысты. Ұлттық валютаға арналған бөлім, әсіресе, қатаң құпия түрде айналымға енгізілген, бұрын көрмеген банкноттар мен монеталар оқушылардың зор қызығушылығын тудырды.

«Шипагер» медициналық колледжінің 1 курс студенттеріне арналып «Қазақстан Республикасы: мемлекеттік даму стратегиясы» атты тақырыптық экскурсия өткізілді

2017 жылы 14 сәуірде, Қазақстан Республикасының Президенті лауазымы бекітілуінің кезекті жылдығы қарсаңында Елбасы кітапханасының музейінде «Шипагер» медициналық колледжінің 1 курс студенттеріне арналып «Қазақстан Республикасы: мемлекеттік даму стратегиясы» атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында тыңдаушылар қазіргі заманғы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын материалдармен танысты.

«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты тақырыптық экскурсия өткізілді

2016 жылы 4 қарашада Астана қ. № 56 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушыларына «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында оқушылар наградалардың пайда болуы тарихымен, көптеген елдердің марапат жүйелерімен және  ҚР Тұңғыш Президентіне табыс етілген шет елдердің жоғары мемлекеттік наградаларымен танысты. Музейдің Күміс залында орналасқан бұл экспозиция тыңдаушыларға Қазақстанның бүгінгі таңдағы жетістігін, оның әлемдік қауымдастықтағы алатын орнын ұғынуға мүмкіндік берді.

«Түзелмейтін қателік: алғашқы жарылыс» жеке көрмесі бойынша тақырыптық экскурсия өткізілді

2016 жылы 17 қарашада Экономикалық лицей оқушыларына швед суретшісі Туве Крабоның Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының  25-жылдығына арналған «Түзелмейтін қателік: алғашқы жарылыс» жеке көрмесі бойынша тақырыптық экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында тыңдаушылар суретшінің ядролық сынақтарға және олардың адамзат пен қоршаған ортаға тигізген алапат зардаптарына арналған жұмыстарымен танысты.

«ҚР Тұңғыш Президентінің еңбек жолы» экспозициялары бойынша тақырыптық экскурсия

2016 жылы 4 қарашада Астана қ. № 56 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушыларына Музейдің «Атамекен», «ҚР Тұңғыш Президентінің еңбек жолы» экспозициялары бойынша тақырыптық экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында оқушылар Тұңғыш Президенттің атамекені, оның отбасы, мектеп жылдары, еңбек жолы жайлы баяндайтын мұрағаттық құжаттармен, фотосуреттермен, материалдық құндылықтармен танысты. Сондай-ақ ҚР Президенті жеті жыл қызмет атқарған Жұмыс кабинетін көріп, ерекше әсер алды.

1 курс студенттеріне ҚР Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткен залдың экспозициясы «Қару-жарақтар коллекциясы» бойынша тақырыптық экскурсия жүргізілді

 2016 жылы 26 ақпанда Қаржы академиясы колледжінің 1 курс студенттеріне ҚР Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткен залдың экспозициясы «Қару-жарақтар коллекциясы» бойынша тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында қонақтар әлемге әйгілі Құбашы және Златоуст қару-жарақ шеберлерінің туындыларымен танысты. Тақырыптық экскурсияның интерактивті бөлігінде тыңдаушылар керемет құбашылық өрнектер және златоусттық болатты әшекейлеу өнерінің үлгілерімен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.

Беттер