Көшпелі

«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» Музей қорының көрмесі (14 марта – 14 апреля 2008 г.)

   2008 жылдың 14 наурызында Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты көрме ашылды.     Көрменің ашылу салтанатына жиналғандарға арнап облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Б. Кәкенов, Ш. Уәлиханов атындағы КГУ тарих кафедрасының профессоры К. Әбуов, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары В. Соломин құттықтау сөз сөйледі.

«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» көрмесі 16 мая – 16 июня 2008 г.

2008 жылдың 16 мамырында Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің (Астана қ.) қорынан ұйымдастырылған «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты көрме ашылды.

2008 жылдың 3 қазанында Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Нұр Отан» ХДП аймақтық филиалының жәрдемдесуімен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты көшпелі қор көрмесі ашылды.

Көрмені Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Н.С. Әшімов, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары К.Қ.Ақтаева, Ардагерлер кеңесінің төрағасы У.С.Сүлейменов ашты. Көрменің салтанатты ашылуына ҰОС ардагерлері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, жергілікті басқару органдарының басшылары, жұртшылық өкілдері қатысты.      Мұндай көшпелі көрмелердің басты мақсаты - егемен Қазақстанның қалыптасуының маңызды кезеңдерін көрсету және еліміздің Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі туралы айту.

2008 жылғы қазанның 21-24-і аралығында Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің резиденциясында «Н.Ә.Назарбаев – ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін салушы» тақырыбында көшпелі көрме өтті.

ҚР Президентінің жеке мұрағаты қорынан алынған құжаттар мен фотоматериалдар Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан қоғамындағы ұлтаралық және конфессияаралық өзара байланыстардың даму қағидаттары мен әдістерін әзірлеуге қосқан үлесін толық және жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.

«ЕҚЫҰ – үнқатысу форумы» тақырыбында көшпелі көрме ашылды

2008 жылдың 18 – 28 қарашасы аралығында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің қабырғасында Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен бірлесіп дайындалған «ЕҚЫҰ – үнқатысу форумы» тақырыбында көшпелі көрме ашылды.      Көрме Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты бірлесіп ұйымдастырған «ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына орай ашылды.