Көшпелі

«Халқыммен ой бөлістім» көрмесі

«Нұр Отан» ХДП аймақтық филиалының бастамасымен Бұхар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер мұражайында 2010 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Халқыммен ой бөлістім» көрмесі ашылды. Ол Қазақстандағы президенттік институттың 20 жылдығына арналған іс-шаралар аясында өтеді.     Тұңғыш рет қалың жұртшылыққа Н.Ә. Назарбаевтың қаламынан туған қолжазбалар, эскиздер, Тұңғыш Президентке, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне арналған әдеби, музыкалық туындылар ұсынылды.

«Ұлы дала бейнесі...»

2010 жылдың 4 наурызында Солтүстік қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында (Петропавл қаласы) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Ұлы дала бейнесі...» атты көрменің (Астана қаласы) салтанатты ашылу рәсімі өтті.       Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған бұл көрменің мақсаты – келушілерді Б.Залесский мен К. де Лазаридің туындылары арқылы қазақ халқының ХІХ ғасырдағы тұрмысымен таныстыру.

«Қазақстан әлемдік қоғамдастықта» көрмесі

      2010 жылдың 22 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің (Астана қаласы) қорынан ұйымдастырылған «Қазақстан әлемдік қоғамдастықта» көрмесі ашылды.