Көшпелі

«Қазақстан және әлемдік қауымдастық» көрмесі

  2011 жылдың 28 қазанында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған еліміз Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Қазақстан және әлемдік қауымдастық» атты көшпелі көрменің салтанатты ашылу рәсімі болды.

«Жасампаздыққа жол тарту» көрмесі

2011 жылдың 7 қазанында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған еліміз Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Жасампаздыққа жол тарту» атты көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі болды.       Көрменің ашылу салатанатында облыстық мәдениет басқармасының бастығы Б. Байсағатов, ҚР Тұңғыш Президенті Музейі Елбасының Жеке мұрағатының жетекші сарапшысы Ж. Ахметова құттықтау сөз сөйледі.