Көшпелі

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы «Қазақстан: бейбітшілік, руханият және келісім территориясы» көрмесі.

2015 жылдың 29 қыркүйегінде Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің (Астана қ.) қорынан жинақталған «Қазақстан: бейбітшілік, руханият және келісім территориясы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.      Көрмені Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы С.Б. Бурбаева, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары К.Қ. Ақтаева ашты.

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы «Қазақстан: бейбітшілік, руханият және келісім территориясы» көрмесі.

  2015 жылдың 16 шілдесінде Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің (Астана қ.) қорынан жинақталған «Қазақстан: бейбітшілік, руханият және келісім территориясы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.      Көрмені Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.Қ. Дүйсенова, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры А. Сағынғали, Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Н.К. Салимов ашты.

Санкт-Петербург қаласындағы Смольный соборының концерттік-көрме залындағы «Қазақстан жолы» көрмесі.

Санкт-Петербург қаласындағы Смольный соборының концерттік-көрме залында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан құралған «Қазақстан жолы» көрмесі өтті. Көрме «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық серіктестік жобасының аясында Музей және «Исаакиевский собор» Мемлекеттік музей-ескерткішімен бекітілген Меморандум негізінде ұйымдастырылды.