Көшпелі

«Қазақстан әлемдік қоғамдастықта» атты көрме ашылды.

2009 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 11.00-де Теміртау қаласының тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Қазақстан әлемдік қоғамдастықта» атты көрме ашылды.       Көрменің мақсаты еліміз ұстанып отырған көп векторлы сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қарсаңында әлемдік қоғамдастықтағы орны мен рөлін көрсету болып табылады.

«Қазақстан әлемдік қоғамдастықта» атты көрме ашылды

2009 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 11.00-де Теміртау қаласының тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Қазақстан әлемдік қоғамдастықта» атты көрме ашылды.       Көрменің мақсаты еліміз ұстанып отырған көп векторлы сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қарсаңында әлемдік қоғамдастықтағы орны мен рөлін көрсету болып табылады.

«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» Музей қорының көрмесі (14 марта – 14 апреля 2008 г.)

   2008 жылдың 14 наурызында Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты көрме ашылды.     Көрменің ашылу салтанатына жиналғандарға арнап облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Б. Кәкенов, Ш. Уәлиханов атындағы КГУ тарих кафедрасының профессоры К. Әбуов, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары В. Соломин құттықтау сөз сөйледі.

«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» көрмесі 16 мая – 16 июня 2008 г.

2008 жылдың 16 мамырында Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің (Астана қ.) қорынан ұйымдастырылған «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты көрме ашылды.

2008 жылдың 3 қазанында Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Нұр Отан» ХДП аймақтық филиалының жәрдемдесуімен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты көшпелі қор көрмесі ашылды.

Көрмені Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Н.С. Әшімов, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары К.Қ.Ақтаева, Ардагерлер кеңесінің төрағасы У.С.Сүлейменов ашты. Көрменің салтанатты ашылуына ҰОС ардагерлері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, жергілікті басқару органдарының басшылары, жұртшылық өкілдері қатысты.      Мұндай көшпелі көрмелердің басты мақсаты - егемен Қазақстанның қалыптасуының маңызды кезеңдерін көрсету және еліміздің Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі туралы айту.

2008 жылғы қазанның 21-24-і аралығында Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің резиденциясында «Н.Ә.Назарбаев – ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін салушы» тақырыбында көшпелі көрме өтті.

ҚР Президентінің жеке мұрағаты қорынан алынған құжаттар мен фотоматериалдар Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан қоғамындағы ұлтаралық және конфессияаралық өзара байланыстардың даму қағидаттары мен әдістерін әзірлеуге қосқан үлесін толық және жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.

«ЕҚЫҰ – үнқатысу форумы» тақырыбында көшпелі көрме ашылды

2008 жылдың 18 – 28 қарашасы аралығында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің қабырғасында Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен бірлесіп дайындалған «ЕҚЫҰ – үнқатысу форумы» тақырыбында көшпелі көрме ашылды.      Көрме Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты бірлесіп ұйымдастырған «ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына орай ашылды.

«Әлем халықтарының құрметі – Президент сыйлықтарында» Музей қорының көрмесі

   20 наурыз – 20 сәуір 2007 жыл. Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі (Павлодар). Көрмеге 114 экспонат – сәндік-қолданбалы өнер, кескіндеме және мүсін өнерінің туындылары қойылған. Көрмеге Павлодар қаласының 3 020 тұрғыны мен қонақтары келді.    

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» Музей қорының көрмесі

    6 апреля - 21 мая 2007 года. Кызылординский областной историко-краеведческий музей. 145 экспонат Қызылорда тұрғындары мен қонақтарын әр елдің мәдениетімен және өнерімен таныстырды. Көрмені облыстың 12 000 тұрғыны тамашалады.

«Әлем халықтарының құрметі – Президент сыйлықтарында» Музей қорының көрмесі

18 мамыр – 18 маусым 2007 жыл. Ақтөбе облысының тарихи-өлкетану музейі. Көрме экспозициясына әлемнің 30 елінің материалдық және рухани мәдениеті көрсетілген 210 экспонат қойылған. Көрмеге Ақтөбенің 4 300 тұрғыны мен қонақтары келді.

Беттер