Көшпелі

«ЕҚЫҰ – үнқатысу форумы» тақырыбында көшпелі көрме ашылды

2008 жылдың 18 – 28 қарашасы аралығында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің қабырғасында Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен бірлесіп дайындалған «ЕҚЫҰ – үнқатысу форумы» тақырыбында көшпелі көрме ашылды.      Көрме Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты бірлесіп ұйымдастырған «ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына орай ашылды.

«Әлем халықтарының құрметі – Президент сыйлықтарында» Музей қорының көрмесі

   20 наурыз – 20 сәуір 2007 жыл. Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі (Павлодар). Көрмеге 114 экспонат – сәндік-қолданбалы өнер, кескіндеме және мүсін өнерінің туындылары қойылған. Көрмеге Павлодар қаласының 3 020 тұрғыны мен қонақтары келді.    

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» Музей қорының көрмесі

    6 апреля - 21 мая 2007 года. Кызылординский областной историко-краеведческий музей. 145 экспонат Қызылорда тұрғындары мен қонақтарын әр елдің мәдениетімен және өнерімен таныстырды. Көрмені облыстың 12 000 тұрғыны тамашалады.

«Әлем халықтарының құрметі – Президент сыйлықтарында» Музей қорының көрмесі

18 мамыр – 18 маусым 2007 жыл. Ақтөбе облысының тарихи-өлкетану музейі. Көрме экспозициясына әлемнің 30 елінің материалдық және рухани мәдениеті көрсетілген 210 экспонат қойылған. Көрмеге Ақтөбенің 4 300 тұрғыны мен қонақтары келді.

«Әлем халықтарының құрметі – Президент сыйлықтарында» Музей қорының көрмесі

  26 қыркүйек – 15 желтоқсан 2007 жыл. Алматы облысы Қарасай ауданының тарихи-өлкетану музейі. Көрмеге мемлекет Басшысына шетелдік мемлекеттер мен қоғам қайраткерлерінің, шығармашылық қоғамдастық пен іскер топтарының әр кездері тартылған 70 экспонаты қойылды. Көрмені Қарасай ауданының 2 000 тұрғыны тамашалады.  

Қарағанды облысының 70 жылдығына арналып Музей қорынан ұйымдастырылған көрме

26 тамыз – 31 желтоқсан 2006 ж. Қарағанды облысының тарихи-өлкетану музейі.       Көрме қарағандылықтар мен қала қонақтарының айырықша қызығушылығын туғызды. Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаянында Қарағанды ерекше орын алады. Мұнда оның еңбек және саяси өсу жолы басталған.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған «Қазақстан әлем қоғамдастығында» Музей архивінің фотосуреттерінен ұйымдастырылған көрме.

Желтоқсан 2006 ж. Қарағанды облысының тарихи-өлкетану музейі.       Бірегей тарихи фотосуреттер Мемлекет Басшысының тарихи кездесулері, шетелге ресми сапарлары туралы баяндайды.

ШАМАЛҒАН АУЫЛЫНДА ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ЕЛБАСЫ» КӨШПЕЛІ ҚОР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Үстіміздегі жылдың 30 сәуірінде Алматы облысы Шамалған ауылындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында Елбасы кітапханасының жинағынан «Әлем таныған Елбасы» көшпелі қор көрмесі ашылды.

Беттер