Тақырыптық

Наурыз мерекесіне арналған көрме

     19 наурыз – 22 сәуір 2007 ж. Шағын банкет залында Музей коллекциясынан сәндік-қолданбалы өнер түрлері – зергерлік бұйымдар, тұрмыс заттары, кәдесыйлар, картиналар, қазақ шеберлерінің кілем және киіз бұйымдары көрсетілген.

«Жұлдызай» мүмкіндіктері шектеулі балалар шығармашылығының ІІ республикалық фестиваліне қатысушылар мен жеңіпаздары жұмыстарының көрмесі.

     2007 жылдың 31 мамыр - 25 маусымында «Жұлдызай» мүмкіндіктері шектеулі балалар шығармашылығының ІІ республикалық фестиваліне қатысушылар мен жеңіпаздары жұмыстарының көрмесі «Сәндік-қолданбалы өнер», «Бейнелеу өнері», «Әдеби шығармашылық» номинациялары бойынша өтті.       Көрмені ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі, «Қамқор» қайырымдылық қоры және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

Нәзік сезім

     2007 жылдың 29 маусымында Музейде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Татарстан халық суретшісі, Франция суретшілер академиясының лауреаты, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры, академик Камиль Муллашевтың дербес көрмесі ашылды. Көрмеге 45 картина қойылды. Бұлар - суретшінің жаңа мыңжылдықтың басындағы үздік жұмыстары.

Интроспектива

     Музейде Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері К.С. Ахметжан және Р.А. Ахметжановалар туындыларының көрмесі ұйымдастырылды.      Көрмеде кескіндеме жұмыстары, кітап иллюстрацияларының кескіндемелік парақтары мен қазақтардың дәстүрлі қаруларының, шиден тоқылған бұйымдарының ғылыми-көркем реконструкциялары көрсетілген.

ART FORUM KULANSHI

     2007 жылғы 11 қыркүйек пен 29 қазан аралығында Музей «Құланшы» Арт-клубымен бірлесіп «Құланшы» тәуелсіз шығармашылық бірлестігімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін түрлі елдердің белгілі суретшілерінің картиналары мен графикалық жұмыстарының көрмесін ұйымдастырды.       Көрмеге 55 жұмыс қойылды. Бұлар - Қазақстан, Германия, Италия, Польша, Испания, Португалия, АҚШ, Ұлыбритания шеберлерінің шығармалары. Олардың көпшілігі - өнер бойынша еуропалық симпозиумдарға қатысушылар мен халықаралық конкурстардың лауреаттары.

Табиғаттан шабыт алған

     Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың сыйлықтар коллекциясы бойынша ұйымдастырылған көрмеге келушілер Музейдің Үлкен банкет залында белгілі қазақстандық және шетелдік суретшілердің жұмыстары - Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Беларус, Монғолия, Вьетнам, Молдова, Татарстан, Тәжікстанның таңғажайып пейзаждарымен танысты.       Көрме 2007 жылдың 15-30 қараша аралығында өтті.

Теңге – тәуелсіздік нышаны

     Көрме ұлттық валюта мен республикалық қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында шағын банкет залында өтті. Ол Қазақстанның ұлттық валюта – теңгенің дүниеге келу тарихымен танысуға мүмкіндік береді.       Көрме 2007 жылдың 15 қараша – 15 желтоқсаны аралығында өтті.        

Астана қаласындағы балалар көркемсурет мектебі оқушылары жұмыстарының қорытынды көрмесі

      Көрме жас дарындарды қолдау және астана тұрғындары мен қонақтарын оның өскелең ұрпақтарының шығармашылығымен таныстыру мақсатында өткізілді. Мұнда балалардың үздік жұмыстары қойылған. Олар - кескіндеме, мүсін, графика, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары. Жас астаналықтар өздерін танытуға, әлемге өзіндік көзқарастарын көрсетуге ұмытылады.       30 қараша -10 желтоқсан 2007 жыл.