Тақырыптық

Музей жинағынан ұйымдастырылған «Батылдық пен ерлік нышаны» көрмесі

12 ақпан – 3 наурыз 2008 жыл.          Келушілер Музей экспозициясында үнемі көрсетіле бермейтін, бағалы металдардан жасалған экспонаттар жинағымен және қару-жарақтар коллекциясымен танысады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары мен ХІХ-ХХ ғасыр қару-жарақтары құнды тарихи және көркем ақпараттардан тұрады.

Музейде белгілі қазақстандық суретші Сергей Калмыковтың шығармалары бойынша «Менің ғаламшарым» атты көрме ашылды.

11 сәуірде        Көрмені ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, «Has Sanat» өнер галереясы және «Жаңа Эрмитаж – біреу» музей-галереясы (Мәскеу қ.). Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына С.Калмыковтың 69 кескіндеме және графикалық жұмысы, суретшінің шығармашылығын бағалайтын қазақстандықтарға осы уақытқа дейін белгісіз болып келген қолжазба альбомы ұсынылды.

«Жайық жағалауы сыр шертеді» көрмесі

25 сәуір – 30 мамыр 2008 жыл.   Үлкен және кіші көрме залдары.       25 сәуірде «Алға ұмтылған Қазақстан» аймақаралық жобасы аясында Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен өнер мұражайының қорынан ұйымдастырылған «Жайық жағалауы сыр шертеді» көрмесі ашылды.

Беттер