Тақырыптық

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Астана қаласындағы Балалар көркемөнер мектебі-ЮНЕСКО клубы оқытушыларының жұмыс көрмесі болды.

26 қараша 2010 жыл – 30 қаңтар 2011 жыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Астана қаласындағы Балалар көркемөнер мектебі-ЮНЕСКО клубы оқытушыларының жұмыс көрмесі болды.

К. Жапалованың «Өмір әуендері» атты жеке көрмесі

30 қыркүйек – 24 қазан 2010 ж.      Бұл көрме – еліміздің әр аймақтарынан келген суретшілер, мүсіншілер және қолөнершілердің шығармашылығын насихаттап, танытумен байланысты «Алға ұмтылған Қазақстан» жобасын дамытудың бір бағыты болып табылады. К.Жапалованың бірқатар туындылары 2008 жылы Атырау облысы музейлері қорындағы экспозицияларға қойылып, ұйымдастырушылар мен қонақтардың мол қызығушылығына ие болған.

«Мұсылман әлемінің бейнесі» атты көрме

10 тамыз - 5 қыркүйек 2010 жыл      Көрме «Мәдениет арқылы үнқатысу» атты халықаралық жоба аясында Ш.Марджани атындағы ғылыми және мәдени бағдарламаларды қолдау және дамыту Қорымен (Ресей Федерациясы) бірлесіп ұйымдастырылды.      Көрме оразаның қарсаңында ашылды және ол мұсылман өнерінің жарқын қырларының біріне арналған.

Қазақстан Республикасындағы президенттік институттың 20-жылдығына арналған «Назарбаев және Қазақстан» атты көрме

29 маусым - 3 қыркүйек 2010 жыл     Көрме «Нұр Отан» Халықтық- Демократиялық партиясымен бірлесе ұйымдастырылған. Экспозиция тәуелсіз Қазақстан Тұңғыш Президентінің өмірбаянын мазмұндайтын Музей қорындағы фотоматериалдардың бірегей жиынтығынан құрылған. Қазақстан Республикасындағы президенттік институттың, сыртқы және ішкі саясаттың қалыптасуындағы негізгі кезеңдерді көрсететін фотокөрме еліміздің тарихындағы көптеген маңызды оқиғалар өткен Күмбезді залда орналасқан.

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының музейлері мен кітапхана қорларынан ұйымдастырылған «Ұлы тұлғалар бесігі» атты көрме

14 мамыр – 15 маусым 2010 ж.      Көрме осымен, үшінші жыл бойына табысты жүзеге асып келе жатқан «Алға ұмтылған Қазақстан» атты аймақаралық көрме жобасының көктемгі кезеңін ашты.      Жобаның басты мақсаты - көпшілік қауымды Қазақстан Республикасы облыстарының тарих парақтарымен, материалдық және рухани мәдениет үлгілерімен кеңінен таныстыру.

«Жеңіс көктемі» көрмесі

28 сәуір -10 мамыр, 2010 жыл      Көрме Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65- жылдығына арналған. Келушілер назарына ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі және Астана қаласының тарихи музейі қорларының экспонаттары мен құжаттары, ақмолалық фронтовиктердің жеке архивтеріндегі материалдары ұсынылған. Экспозицияда газет материалдары, қару , ату жарақтары, нысанды киім, жауынгерлік ерекшелік белгілері, мерейтойлық және естелік медальдар, естелік кәдесыйлар қойылған.

Беттер