Тақырыптық

«ХАНБОК ЖӘНЕ МЕН: ӨЗІМЕ ЕМДІК ЖОЛ» КОРЕЙ ДӘСТҮРЛІ КИІМДЕР КӨРМЕСІ

10.09.2019 2019 жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы Кітапханасының музейінде «Ханбок және мен: өзіме емдік жол» корей дәстүрлі киімдер көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме Қазақстандағы Корей Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығымен бірлесіп, Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстан Республикасы және Корей Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестіктің 10 жылдық құрметіне орай ұйымдастырылды.

КӨКШЕ ДАРЫНДАРЫ. «ТУҒАН ӨЛКЕМ» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

23.10.2019 23 қазан күні, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының музейінде Көкшетау қ.  Балалар көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстары қойылған «Туған өлкем» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге түрлі жанр мен техникада орындалған 50-ден астам жұмыс ұсынылды.

БЕЙБІТШІЛІК ҚАЛАСЫ НҰРСҰЛТАНДА ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН БАС ТАРТУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ АШЫЛДЫ

01.10.2019 2019 жылғы 1 қазанда «Назарбаев орталығында»  «Сіз, бағалайтынның бәрі - ядролық қарусыз әлем үшін» халықаралық көшпелі көрменің салтанатты ашылуы өтеді. «Сіз,бағалайтынның бәрі – ядролық қарудан азат, Әлем үшін» атты көрме (SGI)  «Сока Гаккай Интернешнл», (ICAN)  Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық компаниямен бірлесіп, ядролық қаруды жоюға мүдделі адамдардың ортасын кеңейту арқылы, ядролық қару мәселесіне әртүрлі көзқарастардан, жаңаша көзқарас ұсыну мақсатында жасады.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «ТУҒАН ӨЛКЕМ» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

05.12.2019 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында  «Туған өлкем» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.  Оның барысында Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын дәріптейтін «Туған өлкем» республикалық бағдарламасы балалар шығармашылығын қолдауды, қосымша білім беру мекемелері жұмысын насихаттауды көздейді. Келелі іс-шараны Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов ашты:

Беттер