Тақырыптық

«Жапония қуыршақтары, кимоно және бұйымтайлары» көрмесі

15 -27 қыркүйек 2015 ж.    «Жапония қуыршақтары, кимоно және бұйымтайлары» көрмесі          Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде «Жапония қуыршақтары, кимоно және бұйымтайлары» көрмесі мен жапондық дәстүрлі киім үлгісінен кимоно көрсетілімі өтті. Көрме Музейдің «Мәдениет арқылы үн қатысу» халықаралық жобасының аясында, Қазақстандағы Жапония Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларының «Қазақ хандығы: Ұлы дала перзенттері» атты көрме

25 ақпан – 27 қыркүйек 2015 жыл   Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларының «Қазақ хандығы: Ұлы дала перзенттері» атты көрме         Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларының «Қазақ хандығы: Ұлы дала перзенттері» атты қор көрмесі ұйымдастырылды. Экспозиция алғаш рет дәстүрлі қазақ қоғамының тарихи және мәдени мұраларын айғақтайтын бірнеше музейлік жинақтарды ұсынды.

Суретші Анар Әубәкірдің «Кешегі мен бүгінгінің сабақтастығы...» атты жеке көрмесі.

3 қыркүйек – 5 қазан 2015 ж.   Суретші  Анар Әубәкірдің «Кешегі мен бүгінгінің сабақтастығы...» атты жеке көрмесі.       Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты Анар Әубәкірдің «Кешегі мен бүгінгінің сабақтастығы...» атты жеке көрмесі өтті.

«Мәртебесі биік марапаттар» қор көрмесі

8 маусым - 20 тамыз 2015 жыл   «Мәртебесі биік марапаттар» қор көрмесі   Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейінде «Мәртебесі биік марапаттар» атты Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасының қоғамдық марапаттарының көрмесі өтті. Алғаш рет қалың көрермен назарына Мемлекет Басшысының 200-ден астам қоғамдық марапаттары көрсетілді. Олардың қатарында: «Бірінші халықаралық бейбітшілік сыйлығы»,  «Инвестициялық Періште» сыйлығы, «Жыл адамы» халықаралық сыйлығы және т.б.

Беттер