Тақырыптық

«Патшалар ойыны» қор көрмесі

20 шілде – 28 тамыз 2011 ж. Тәуелсіздігіміздің 20-жылдығына орай ҚР Шахмат Федерациясымен бірігіп ұйымдастырылған «Патшалар ойыны» қор көрмесі және қазақстандық гроссмейстерлердің қатысуымен өткен бір мезгілді ойын сеансы.

К. Жапалованың «Өмір әуендері» атты жеке көрмесі

30 қыркүйек – 24 қазан 2010 ж.      Бұл көрме – еліміздің әр аймақтарынан келген суретшілер, мүсіншілер және қолөнершілердің шығармашылығын насихаттап, танытумен байланысты «Алға ұмтылған Қазақстан» жобасын дамытудың бір бағыты болып табылады. К.Жапалованың бірқатар туындылары 2008 жылы Атырау облысы музейлері қорындағы экспозицияларға қойылып, ұйымдастырушылар мен қонақтардың мол қызығушылығына ие болған.

«Мұсылман әлемінің бейнесі» атты көрме

10 тамыз - 5 қыркүйек 2010 жыл      Көрме «Мәдениет арқылы үнқатысу» атты халықаралық жоба аясында Ш.Марджани атындағы ғылыми және мәдени бағдарламаларды қолдау және дамыту Қорымен (Ресей Федерациясы) бірлесіп ұйымдастырылды.      Көрме оразаның қарсаңында ашылды және ол мұсылман өнерінің жарқын қырларының біріне арналған.

Беттер