«Формирование правосознания и правовой культуры в Республике Казахстан» атты дәріс өткізілді

2017 жылы 24 ақпанда Көлік және коммуникация колледжі студенттеріне «Формирование правосознания и правовой культуры в Республике Казахстан» атты дәріс өткізілді.

Біздің еліміз өзін құқықтық мемлекет ретінде таныта отырып, халықаралық қоғамдастықтың толық құқықты мүшесі бола отырып, өзінің аумағында ғана емес, сонымен қатар жалпы әлемдік кеңістікте құқықтық мемлекет қағидаттарын жүзеге асыруға жан-жақты ықпал етеді.

Дәріскер, тарих ғылымдарының кандидаты Карагизова Г.Б. құқықтық сананың қалыптасуы, құқықтық мәдениет пен тәрбие беру мәселелерін аша отырып, тыңдаушыларды құқықтық сана ұғымы, мәні және түрлерімен таныстырды.

Дәріс барысында музей экспонаттары, мұрағаттық фотоқұжаттар студенттер назарына ұсынылды.