«Ғасырлардың алтын өрнегі» көрмесі

4 ақпан – 2 наурыз 2015 ж.

«Ғасырлардың алтын өрнегі» көрмесі

       ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде шығармашылық жастардың «Жігер» Республикалық XV фестивалі сыйлығының иегері, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының ұлттық «Ажар» сыйлығының иегері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Айжан Әбдубаиттің «Ғасырлардың алтын өрнегі» атты жеке көрмесі өтті. 2015 жылдың жаңа көрме маусымын ашқан экспозиция, қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдық мерекесіне арналған.
    Көрме музейдің серіктестік жобасы аясында қазақтардың көне дәстүрі сәндік-қолданбалы өнеріне, тарихи артефактілерғе жаңа өмір беретін автордың шығармашылығын ауқымды көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы тек жылнамалар мен аңыздарда ғана емес, сонымен бірге, шебер зергерлердің жасаған алтын өрнектерінде де сақталып қалған. Айжан Әбдубаит шығармашылығы бірегей. Ол тарих қойнауында қалған ғасырлардың киімдері мен тұрмысын жаңалайды және жаңғыртады. Көне «Зерлеу» техникасымен ол той және ұлттық киімдерді, тұрмыс заттарын жасайды.
      «Зерлеу» – алтынмен тігу техникасы ғана емес, бұл – ерекше пәлсафа. Автордың айтуынша, кестелеп тоқудың тамыры тереңде жатыр. Қазақтар бұл ерекше көркем әдіспен беделді адамдардың салтанатты киімдерін, бас киімдерін, тұрмыстық заттарын әшекейлеген. Әр зат түсінікті қажет ететін тарихи және мәдени ақпараттардың үлкен мағынасына ие, оларды тек түсініп сақтай білуіміз қажет.
      Қиын әрі жангештілік еңбектің нәтижесі ХVIII-XIX ғасырлардағы белгілі қазақ зергерлерінің технологиясын қалпына келтіру болды. Қазақтың тұрмысы мен салт-дәстүрлі киім-кешектерін этнографиялық және тарихи тұрғыда зерттеу А. Әбдубаитқа тарихи артефактілердің біртұтас қабатын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Олардың қатарында: хан киімдерінің жинағы, Жәнгір ханның әскери мундирі, Фатима ханшайымның бешметі және дәлелдеуді қажет етпейтін жоғары көркемдік деңгейінен басқа ғылыми маңыздылығы өте зор қазақ беделділерінің киімдері мен тұрмыстық заттарының реконструкциясы бар.