Гүлмира Телғозиеваның «Отан-Ана» дербес көрмесі.

6 - 31 наурыз 2008 жыл.

Гүлмира Телғозиеваның «Отан-Ана» дербес көрмесі.
     Гүлмира Телғозиева 1970 жылы Целиноград қаласында туған. 1990 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1996 жылдан бері Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Ресейде, Польшада, Германияда және Жапонияда Қазақстанның бейнелеу өнерін таныстырды.
Г. Телғозиеваның жұмыстары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінің қорынан, Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығынан, Астана қ. Қазіргі заманғы өнер музейінен, сондай-ақ Германия, Англия, Түркия, Қытай, Италия, Польша, Югославияда жеке коллекциялардан орын алған.
Көрмеге соңғы жылдарда 53 картина қойылған, олардың бәрін туған жер тақырыбы біріктіріп тұр. Өзінің картиналарында Гүлмира ауыл өмірін, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін асқан сүйіспеншілікпен бейнелейді.
Көрмені шартты түрде екі бөлімге бөлуге болады. Үлкен залға дана қарияларды, мықты батырларды, күнәсіз, пәк сәбилерді дүниеге әкеліп, өсірген Дала бейнесі мен сюжеттер қойылған. Кіші залға осы көрме үшін арнайы салынған әйел портреттері мен этюдтер орналастырылған. Онда біздің замандастарымыз бейнеленген. Туған жердің әдемілігі түрлі жылдарда салынған полотнолардан күлімсірей қараған ұлттық киімдегі хас сұлулар бейнесі («Күнсұлу», «Бойжеткен», «Акжүніс») арқылы берілген.