ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА КҮНІНЕ АРНАЛАДЫ

2018 жылдың 24 мамырында сағат 17.00-де Елбасы кітапханасында «Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыс» тұрақты экспозицияның салтанатты ашылуы өтеді. Іс-шара 23 маусым жыл сайын аталып өтілетін Халықаралық Олимпиада күніне орай ұйымдастырылады. Шара барысында Қазақстанның олимпиадалық қозғалыс науқаны басталады.

Экспозиция ашылардан бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтеді. Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің директоры Нұрлан Нөгербек, Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен сөз сөйлейді. Ашылу салтанатына белгілі қазақстандық спортшылар Серік Сәпиев, Василий Левит, Қайрат Ералиев, Абзал Әжғалиев, Гюзель Манюрова қатысады.

Көрме материалдары келушілерге спорт саласындағы мемлекеттік сасасаттың негізі, Мемлекет басшысының әлемдегі олимпиадалық қозғалысты дамыту және қазақстандықтардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы бастамалары туралы баяндайды. Материалдардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылу тарихына, оны Халықаралық Олимпиада комитетінің тануына, қазақстандық спортшылардың қатысуы және жеңісіні арналады. Көрмеге келушілер назарына Елбасына ХОК Президенттері тарту еткен сыйлықтар жиынтығы, ҰОК құрылғанына 25 жылдығына орай берілген сыйлықтар, сондай-ақ спортшылардың жеке заттары ұсынылады.

Кез келген көрермен өзін ауыр атлет ретінде зілтемір көтеріп, олимпиадашылардың бойшаң сұлбаларымен суретке түсетін, марапаттау сәтін сезініп, жеңіс тұғырында тұруға мүмкіндік алатын интерактивті аймақтың болуы көрменің ерекшелігі болмақ.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі, 1.