«ХАНБОК ЖӘНЕ МЕН: ӨЗІМЕ ЕМДІК ЖОЛ» КОРЕЙ ДӘСТҮРЛІ КИІМДЕР КӨРМЕСІ

10.09.2019

2019 жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы Кітапханасының музейінде «Ханбок және мен: өзіме емдік жол» корей дәстүрлі киімдер көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме Қазақстандағы Корей Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығымен бірлесіп, Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстан Республикасы және Корей Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестіктің 10 жылдық құрметіне орай ұйымдастырылды.