Аймақтағы бейбітшілікке бағытталған Қазақстан басшылығының жүйелі дана саясаты көбіне қауіпсіздікті нығайтуды көздейді. Қазақстан тұғыры биік, тегеуріні мықты мемлекетке айналды. Сондықтан да аймақтық мәселелерді шешуде Қазақстанның рөлі мен маңызы арта түсуде, ал біз бұл мемлекеттің жетістігіне әрқашан да қуаныштымыз. Мен Қазақстанның жаңа елордасын көріп, қарқынды құрылыспен салынып жатқан жаңа қаланың көркіне тәнті болдым. Бұл да барша қазақ елінің күшін жұмылдырып, жаңа қала, жаңа елорда жасаған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі деп білемін.