Имашева Қаламқас

02-04-2018

Заманымыздың нағыз құндылығы - Назарбаев орталығы

Қазақстан - тәуелсіз де, болашағы айқын ел. Себебі бүгінде еліміздің жастарын, бала бақшадан бастап студенттерге дейін білім беріп, мәдениет пен өнердің әртүрлі қырларын үйрететін білім ошақтары өте көп. Әсіресе құнды деректерімен, көненің көзімен ерекшеленетін мәдени ошақ - Назарбаев орталығы. Бұл жерде әрбір адамға берері мол, тарихы терең құндылықтар - нағыз ұлттық байлық. Сонымен қатар, бұл жер келушілерге өткен тарих жөнінде білім беріп қана қоймай, мәдениетпен және өнермен де таныстырады. Бұл - нағыз жаңғыру жолы. Еліміздің болашағын қалайтын жастар болғандықтан, бұл орталықтың болуы - нағыз өзекті мәселе. Ғимараттың ішінде адам баласына берері мол, ең жақын дос саналатын оқулықтармен қатар, сонау Керей мен Жәнібек сұлтандардан бастап қазіргі күнгі елбасымыз Н.Назарбаевқа дейінгі тарихи тұлғалар жайлы мәліметтер мен мұрағаттар өте көп. Ғимаратқа кіре бергеннің өзінде ішінде тұнған тарихтың дыбыс толқыны есіп тұратындай керемет сезімде боласың. Қазақ халқы айтса, қапы айтпайды: "Тарих- өткеннің өкініші, бүгіннің - мақтанышы" . Шынымен де өткен тарихымыздың ауыртпашылығы зор болғанымен, бүгінгі күні біз сол тарихтан үлгі ала отырып, мақтанамыз. Бұл орталық - жастарға тарихы жайлы білім беріп қана қоймай, сол тарихты үлгі тұтуға, онымен мақтануға және сыйлауға баулиды. Ал мұражаймен таныстырушы экскурсанттар болса, әрбір мұрағаттың тарихы мен ерекшелігі жайлы сүйсіне отырып, жас ұрпақты таныстыруға шақырады. Кітапхананың заманауи технологиялармен тығыз байланысты түрлі электрондық құралдар өте көп.
Бұл орталықта адамның білім-санасымен қатар, дүниетанымы да ұлғаятыны сөзсіз. Себебі дәл осы құндылықтар, ұлттық кодымыз, біздің рухани жаңғыруымыздың негізгі кілті.
Егер де дәл осы сияқты өнер ошақтары Қазақстанның әрбір жерінде бар болса, нұр үстіне нұр болар еді. Сол себепті, әрбір қазақстандық азаматқа айтарым, оқыңыздар, жалықпаңыздар, ізденіс үстінде болыңыздар!