Қалымжанова Меруерт

29-03-2018

Елбасы елдің бүгіні мен болашағы туралы ой толқындарын – қуатты сезім ағысымен жүректен өткізе отырып толғана, тебірене сыр шерткенде, таңданыстан бас шайқамау қиын. Оның Отанға, елге, ұлттық құндылық­тарға деген сүйіспеншілігі сүйсінтеді. 
Рухани жаңғыру тек маған емес, мұнда жиналған 50 балаға емес, жүрегі қазақ деп соғатын жұмыр басты пенденің бәріне керек. Өткенміздің парқын білмесек, бүгінгінің нарқын білуіміз неғайбіл. Бұл бағдарлама таза өмірге жолдау мен көмекші құрал, анықтама тәрізді. Қай қазақ "мәңгілік елді" аңсамайды? Меніңше, рухани кедей адам. Ал рухани байлықты дамытуға жол салатын-осы бағдарлама мен аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар. Ендеше, қолымызда қыл қалам бар, алдымызда қағаз бар, мәңгілік елді таңбалап беретін нағыз патриот жастардың буыны біз! Біздің алдыңғы буынымыз: үлгі болар аға әпкелеріміз. Кейінгі буынымыз: қолғанат болар бауыр-қарындастар.
"Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол" семинар-тренингі - өмірімдегі маңызды оқиғалардың бірі. "Бəсекеге қабілеттілік - XXI ғасырды ұлтты жаңғырту" тақырыбында педагогика ғылымының докторларынан дəрістер алып, дүниетанымымызды, білім көкжиегімізді кеңетіп қана қоймай, жақсы тəжірибе жинадық.
Семинар-тренингте қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтылды. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету. 
Дəрістерді жүргізген ұстаздарға жəне жалпы орталықтың барлық қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіре отырып, дəл осы жерде ізденіс жолында көп кешікпей кездесуге уəде етемін.