Қантар 2017

2017 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейіне 5 597 адам келді. Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, әскери қызметкерлер, зейнеткерлер және Астанаға еліміздің әр аймақтарынан, алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.

Астана қаласының мектеп оқушылары, колледждері мен ЖОО студенттері, сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары «Тарихи таңдау. Стратегиялар» және «Қаралы қаңтар» – Тәуелсіздікке апарар жол» уақытша көрмелері бойынша тақырыптық экскурсиялар тыңдады.

Якутия, Бельгия, Израиль, АҚШ, Франциядан келген туристік топтарға «ҚР Президентінің Астана қаласындағы алғашқы резиденциясы» экскурсиялық туры өткізілді.

Музей экспозицияларымен: Қытай Халық Республикасы Халық Өкілдері Бүкілқытай жиналысының (ХӨБЖ) Тұрақты комитеті Бас хатшысының орынбасары Шэнь Чуньяо; ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары: аудандық сот төрағалары; Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігінің қызметкерлері; «Арман Тур» халықаралық туристік агенттігі жанындағы «Гид-аудармашылар, экскурсия жүргізушілер мектебінің» курс тыңдаушылары; «Рождестволық ертегі» халықаралық фестивалінің би ұжымдары (ТМД), сонымен қатар Беларусь, Ресей Федерациясы, Сингапур, Үндістан, Эстония, Италиядан келген туристер танысты.

Қонақтар өздерінің ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін пікір-тілек кітабына қалдырды.