Қантар 2018

2018 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 3581 адам келді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 59 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 1423 адам болды. Кітапхананың Музей ғимаратында 56 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 2158 адам болды.

 Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп, лицейлер оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, әскери қызметкерлер және Қазақстанның әр өңірінен, сонымен қатар алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.

РФ, ҚХР, Корея мен Израильден келген туристерге «ҚР Президентінің Резиденциясы бойынша тур» өткізілді.