Қаңтар 2020

2020 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 7509 адам келді, келушілерге жалпы 214 экскурсия жүргізілді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 108 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 3362 адам. Кітапхананың Музей ғимаратында 106 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 4147 адамды құрады.

Келушілердің көпшілігін елорда тұрғындары, мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері, әскери қызметкерлер, сондай-ақ елордаға Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан, жақын және алыс шетелдерден - Еуропа елдері, АҚШ, Ресей және Қытайдан келген қонақтар құрады.

Елбасы кітапханасының экспозицияларымен Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің аудандық полиция басқармалары қызметкерлері, ЮНЕСКО клубының балалар шығармашылығы мектебінің оқушылары танысты.