«Қаралы қаңтар» - Тәуелсіздікке апарар жол» атты көрме

13-20 қаңтар 2017 ж.
 
«Қаралы қаңтар» - Тәуелсіздікке апарар жол» атты көрме
 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музей ғимаратында  «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында Қазақстандағы Әзербайжан елшілігімен  бірлесіп ұйымдастырылған «Қаралы қаңтар» - Тәуелсіздікке апарар жол» атты фотосуреттер көрмесі өтті.
 
Әзербайжанда  жыл сайын  20 қаңтар қаралы күн ретінде аталып өтіледі. Осыдан 27 жыл бұрын  1990 жылы 19-нан 20-на қараған түнінде КСРО басшылығының нұсқауы бойынша Бакуге әскерлер енгізіліп қарапайым халыққа оқ жаудырды.  Бакуге әскер кіргізер алдында Арменияның  Әзербайжанға қарсы ашық қарулы  агрессиясына,  әзірбайжан жерінде яғни Таулы-Қарабах автономиялы облысында (ТКАО)  заңсыз армян қарулы құрамалардың жүгенсіздігіне байланысты республикалық және орталық кеңес басшылығының әрекетсіздігіне наразылық шерулер өтті. 
 
19 қаңтарда кешке КСРО МҚК  «Альфа» арнайы бөлімшесі  Әзербайжан телеарналарының энергетикалық блогын жарып жіберіп, содан соң халық маңызды  ақпарат алу мүмкіндігінен айырылды. Халық төтенше жағдайдың еңгізілуі жөнінде тек таңертең 20 қаңтарда қаланы Кеңес әскері бөлімдер басып алып, әскери тікұшақтардан лақтырған парақшаларынан хабардар болды.
 
Нәтижесінде, 134 бейбіт тұрғын қаза тапты,  700-ден астам адам жарақат алды. Әскери техника  қарусыз адамдарға қарсы шықпайтынына сеңген бакуліктердің  «жанды бөгеттер» үстімен басып өтті.
Әскер енгізгеннен кейін оппозицияның белсенді мүшелеріне қатысты қуғын басталды. Алайда, бұған қарамастан, 22 қаңтар күні әскери құрбандармен қоштасуға шамамен 1 миллион адам қатысты. Қаза тапқандардың денелері сол күннен бастап  Батырлар аллеясы ретінде белгілі болған Таулы саябағына жаяу жеткізілді. Бұл оқиғалар Әзербайжан тарихына «Қаралы қаңтар» болып енді.
 
Сол қанды оқиғалардың  болғанына көп жыл өтсе де, әзербайжан халқы жантүршігерлік сол бір түнді әрдайым еске алады.  Осылайша 20 қаңтар жалпыхалықтық Аза тұту күні ретінде күнтізбеде мәңгілікке қалды.
 
Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Елшілігі «Қаралы қаңтардың» кезекті жылдығына байланысты 1990 жылы 20 қаңтардағы зардаптарының қоғамдық  фотоиллюстрацияларын ұсынды. Оларда қарусыз халыққа қарсы әскер күшін пайдаланған сәттің қайғылы жағдайы бейнеленген. Сонымен қатар, бұл суреттер - көптеген құрбандардың құнымен ар-намыс пен қадiр-қасиет, бостандық пен Отан ұғымдары  жай ғана сөз емес, әзербайжан халқы рухының жанды куәсі екендігін дәлелдейді.
 
1990 жылғы 20 қаңтардағы қайғылы оқиға КСРО-ның ыдырауына әсер етіп, нәтижесінде Әзербайжан мемлекеттік тәуелсіздігіне қол жеткізуді қайтымсыз етті.