«Казахстанская государственность после обретения Независимости» атты дәріс өткізілді

2017 жылы 29 наурызда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттеріне «Казахстанская государственность после обретения Независимости» атты дәріс өткізілді.

Дәріс барысында қазіргі қазақстандық мемлекеттіліктің тарихи және идеялық-саяси алғышарттары жайлы айтылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ақтаева К.Қ. қазақстандық мемлекеттіліктің стратегиялық даму бағыттары және 2017 жылғы конституциялық реформа туралы баяндады.

Дәріс барысында музей экспонаттары, фото- және киноқұжаттар көрсетілді.