«Қазақ халқының ұлттық музыкасы ғасырлар тоғысында» дәрісі өткізілді

2016 жылдың 5 сәуірінде Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттеріне «Қазақ халқының ұлттық  музыкасы ғасырлар тоғысында» дәрісі өткізілді.

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Ақпараттық орталығының басшысы Г.Н. Топанбаева тыңдаушыларды қазақ ұлттық музыка өнерінің  тарихымен таныстырып, қазақ музыкасының қайнар көздері туралы әңгімелеп берді. Дәріскер қазіргі кезеңдегі қазақ музыка мәдениетінің дамуына ерекше тоқталды.

      Дәріс барысында Музей қорынан алынған жәдігерлер көрсетілді.