ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ МЕКЕНІ

Альбом «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: мемлекеттік басқару стратегиясы және лидерлік феномені» ғылыми бағдарламасы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев және ұлтаралық пен конфессияаралық әрекеттестік негізі ретіндегі жаңа қазақстандық патриотизм» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.

Басылымда ел бірлігінің мәйегі Қазақстан халқы Ассамблеясы, республика халықтарының мәдениетаралық үнқатысуы, еліміздегі тіл саясатының өзіндік ерекшелігі мен тұрақтылықтың негізі конфессияаралық келісім туралы мәліметтер және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының электронды мұрағат қорындағы фотосуреттер мен дәстүрлі құжаттар топтастырылып, көпшілік оқырман назарына ұсынылып отыр.

Альбом оқушылар мен студенттерге, ұстаздарға, музей қызметкерлеріне, зерттеушілерге, жалпы көпшілік оқырман қауымға арналған.