«Қазақстан – ғарыш айлағы» дәрісі өткізілді

2017 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы музейінде № 27 мектеп-лицейі мен № 65 мектеп-гимназиясы оқушыларына Дүниежүзілік авиация және космонавтика күніне арналған «Қазақстан – ғарыш айлағы» дәрісі өткізілді.

10 жыл бұрын, 2007 жылы 27 наурызда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті болып қайта жаңартылған ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі құрылды. Қазақстан 10 жыл ішінде ғарыштық қызметтің дамуында көптеген елдер үшін бірнеше онжылдықтарға тең келетін жолдан өтті.

Дәріскер, Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің ғылыми қызметкері Кушунова Д.С. оқушыларды Қазақстандағы ғарыштық қызметтің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерімен, жер үсті және өндірістік ғарыштық инфрақұрылымның құрылу және жұмыс істеу мәселелерімен таныстырды.

Дәріс барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы қорынан экспонаттар, фото- және киноқұжаттар көрсетілді.