Қазақстан қоғамындағы төзімділік: тарихи тамырлары, мәселелері және конфессиялар арасындағы өзара сұхбатқа қолдау қөрсету

Қазақстан қоғамындағы төзімділік: тарихи тамырлары, мәселелері және конфессиялар арасындағы өзара сұхбатқа қолдау қөрсету: дөңгелек үстел материалдары, Астана қаласы, 26 қыркүйек 2011 ж. Толерантность в казахстанском обществе: исторические корни, проблемы и пути поддержания диалога конфессий: мат. круглого стола, г. Астана, 26 сентября 2011 г. / ғыл. ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2011 – қазақша, орысша.
Жинаққа «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілген «Қазақстан қоғамындағы төзімділік: тарихи тамырлары, мәселелері және конфессиялар арасындағы өзара сұхбатқа қолдау қөрсету» тақырыбындағы «дөңгелек үстелдің» материалдары енді.
Мұнда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының мәдениетаралық және конфессияаралық, ұлтаралық және дінаралық қатынастар саласындағы өзара қарым-қатынасы; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қоғамдағы мәдениетаралық және конфессияаралық үндестікті орнатуға, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған ой-тұжырымдарына байланысты көкейкесті мәселелер қарастырылды.
«Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Астана қаласының діни конфессиялары мен ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер қатысты.