ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ДЕМОКРАТИЗАЦИЯЛАНУЫ КОНТЕКСІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Монографияда бірегейлік саласындағы шетелдік және отандық авторлардың еңбектеріндегі теориялық және қолданбалы зерттеулер негізінде, сонымен қатар бірегейліктің қазіргі жағдайы мен деңгейін сипаттайтын бұқаралық ақпарат құралдарында жүргізілген контент-сараптамалардың нәтижелері ұсынылған. Қазақстан Республикасындағы демократиялық қайта жаңғыру контексінде қазақстандық қоғамда азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың ерекшеліктері баяндалған.