«Қазақстан әлемдік қоғамдастықта»

2009 жылдың 30 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Қазақстан әлемдік қоғамдастықта» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
      Көрменің мақсаты Қазақстанның қазіргі әлемдік қоғамдастықтағы орны мен рөлін, егемендік алған кезеңнің жетістіктерін Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызметі арқылы көрсету көрсету болып табылады.
      Ғасырлар тоғысында Қазақстан өзін көп ғасырлық тарихы, бай және әр алуан мәдени мұрасы бар қарқынды дасушы қазіргі заманғы мемлекет ретінде көрсете білді. «Қазақстан әлемдік қоғамдастықта» көрмесінің ашылуы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында аймақтың мәдени өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі болды.
      Көрмеге шетелге барған сапарлары мен форумдарда әлемнің 32 елінен еліміздің Президентіне сыйға тартылған 266 экспонат қойылды. Олардың арасында қыштан жасалған сәндік табақтар, коллекциялық монеталар мен маркалардың кәдесый жинақтары, ұсақ пластикадан жасалған бұйымдар және т.б. бар. Бұл бұйымдар көрермендердің өзге халықтардың мәдениетімен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді.
      Бұл күні музейге шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері, музейге тұрақты көрермендері мен достары келді. Барлық қатысушыларды Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.Ч. Бектұрғанов көрменің ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің директоры А.С. Сағынғали құттықтау сөз сөйледі. Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншілері көрік берді.
      Тұңғыш Президенті Музейі қорынан ұйымдастырылған көрме 2009 жылдың 18 қарашасына дейін жалғасады.