ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ КЕҢСЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ МАХМҰД ҚАСЫМБЕКОВТІҢ Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛЫҚ ҚҰРАМЫМЕН ЖӘНЕ БІЛІМ АЛУШЫ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ

2018 жылдың 14 қарашасында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлық құрамы және білім алушы жастарымен кездеседі.

М.Б. Қасымбековтың университетке сапары барысында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің басты ғимаратындағы кітапханада «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» оқу залының ашылу салтанаты  өтеді.

Кездесу соңында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кітапханасына Елбасы кітапханасы атынан кітаптар сыйға тартылатын болады.

Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында өтетін бұл шаралар ауқымды ғылыми-білім беру, мәдени-ағартушылық, сондай-ақ Ақтөбе облысы бойынша көшпелі экскурсияларды қамтиды.

Көрме жобасы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуын, саяси мәдениетінің тарихи эволюциясын және осы үдерістердегі Елбасының теңдессіз рөлін сипаттайтын деректерді ұсынуды көздейді.

Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы 2017 жылғы қарашада Алматыдан бастау алып, 2018 жылдың ақпан айында Түркістан облысында жалғасса, қыркүйек айында Атырау облысында  табысты өтті. Жалпы 2017-2018 жылдары көрмені 350 мыңнан астам адам тамашалады.

Жоба Елбасы кітапханасының жинақтарынан ұсынылған қор көрмесіне негізделген. Жинақталған, жүйеленген архивтік, кітап, жәдігерлік кешендер Тәуелсіздігіміздің тарихын, Қазақстанда Президенттік институттың қалыптасуы мен даму бойынша бірегей зерттеу, талдау, мәдени-ағартушылық, білім беру, ақпараттық алаңды жасақтайды.

Ақтөбе облысының жалпы жұртшылығына арналған көрме сарапшылар қауымдастығының, ғалымдардың, мәдениет және білім саласы мамандарын біріктіретін ерекше форумға айналатын болады.

Көрме 2019 жылдың қаңтар айының соңына дейін жалғасады