Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа Астанадағы алғашқы резиденциясындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жұмыс кабинеті. 1997–2004 жылдар

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.Назарбаевтың жұмыс кабинетінің интерьері бастапқы қалпында сақталған. Жұмыс кабинетінің міндетті атрибуттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – ту және елтаңба, сондай-ақ мемлекеттің Ата Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Сонымен қатар мұнда  мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасын білдіретін ресми ерекшелік белгісі - Президенттің штандарты ұсынылған.

Қазақстан Республикасы Президентеніңі Байрағы 1995 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің айырым белгілерін ресми пайдалану тәртібі және штандарт туралы» Жарлығымен республиканың мемлекеттік және дипломатиялық протоколының практикасына Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы мен омырауға тағатын белгісін пайдалану жөнінде енгізілді.

Президенттің байрағы Қазақстан Республикасының жоғары лауазымды тұлғасының ресми айырым белгілерінің бірі болып табылады. ҚР Президентінің байрағы эталонының орналасқан жері республика астанасындағы ҚР Президентінің резиденциясындағы қызметтік кабинеті болып табылады.

Сондай-ақ мұндағы үстелде Президенттің күнделікті еңбегін көрсететін құжаттар ұсынылған: жұмыс кестелері, Мемлекет басшысының жазбалары мен белгілері бар жұмыс блокноттары, оның кездесулерде сөйлеген сөздері. Бұл жерде Нұрсұлтан Әбішұлы белгілі бір уақыт ішінде ел тарихындағы маңызды бірқатар құжаттар – бұл Заңдар, Жарлықтар, өкімдер, Тағайындауларға қол қойған қаламсабы ұсынылған. Осы үстел басында мемлекет Басшысы әкімшілік, шетелдік делегациялар басшыларымен шағын шеңберде кеңес өткізген.